Отарлау саясаты

lat: Otarlaý saıasaty.

Өктем елдің басқа елді өзіне тәуелді ету, қол астына кіргізуге бағытталған қанаушылық мақсаттарды көздейтін іс-қимыл, айла-тәсілдер кешені.

Егер орыс мұжығы шынымен патшалық отарлық саясатының «күнәсіз құралы», тіпті, құрбаны болса, онда патша үкіметінің жоғалуынан соң, отаршылдық ниеттерінен баз кешіп, Түркістан халқымен жақындасудың жолдарын іздеген болар еді (М.Шоқай Таңд.).

Айтпақшы, қазақта «қылмыс» деген сөз мүлде болған емес. Оның орнына «теріс қылық», «елден безген» деген сияқты сөздер қолданылған. Ал «қылмыс», «қылмыскер» деген ұғымдар Ресейдің отарлау саясаты кезінде шығарылған реформа, уставтар негізінде пайда болды («Айқын»).